Ташкенттегі «ЖАР» стадионында өзбек футболының даңқты тарихына арналған ерекше шара өтті.

«Пахтакор-79» құрметіне ұйымдастырылған жолдастық ойында Өзбекстан футбол аңыздары мен Ресейдің футбол ардагерлері жасыл алаңда ойын көрсетті.
Тартысты өткен матчта достық пен спорт рухы үстемдік құрып, ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Өзбекстан құрамасынан Равшан Ерматов пен Тимур Кападзе мергендік танытса, қонақтар сапынан Виталий Булига мен Сергей Киряков жауап голдарын соқты.


Ресейдің атақты қақпашысы Ринат Дасаев матчтан кейін өз әсерімен бөлісті:
— Өзбекстанға келіп, ескі достармен жүздесу – ерекше қуаныш. Еліңізде футболдың қарқынды дамып келе жатқанына куә болу мен үшін үлкен мәртебе. Өзбекстан құрамасының Әлем чемпионатына жолдама алуы – тарихи оқиға. Сәттілік тілеймін! «Пахтакор-79» және оның Макаров, Ан, Фёдоров, Собиров, Агишев, Аширов, Покатилов, Ешбутаев сынды ойыншыларының есімі мәңгі жүрегімізде сақталады. Осындай достық кездесулер бауырлас байланыстарымызды одан әрі бекемдейді, — деді ол.
Айта кетер болсақ, «Пахтакор-79» — өзбек футболының жүрегінде мәңгілік орын алған аңыздар құрамасы саналады. 1979 жылғы қайғылы әуе апатында команда мүшелерінің қаза табуы бүкіл елді терең қайғыға бөлеген еді. Өр таланты мен болашағы зор футболшылардың есімі спорт тарихына алтын әріппен жазылды. Бүгінгі ұрпақ үшін олардың ерлігі, табандылығы мен еңбегі – өзбек футболының рухын асқақтатар мәңгілік символ болып қала бермек.