Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі ІІ жаһандық форум басталды
11:25 / 2023-11-30

2023 жыл 30 қарашада Ташкенттегі Өзбекстан Конвенциялар сарайында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі екінші жаһандық форум басталды.

Оған жүзге жуық шетел парламенттерінің басшылары мен өкілдері, халықаралық парламентаралық ұйымдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Өзбекстанда тұрақты даму мақсаттарына жету жолында үлкен реформалар жүзеге асырылып, озық бастамалар халықаралық аренада насихатталып жатқаны белгілі. Соның нәтижесінде Өзбекстан бұл тұрғыда бүкіл әлемге үлгі ретінде көрсетілуде. 

Осы жылдың қараша айында Өзбекстанда алғаш рет Тұрақты даму мақсаттарының айлығы ұйымдастырылды.

Жаһандық форумның соңында Ташкент коммюникесі қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге азаматтық қоғамның қатысуын кеңейту туралы» қарарының жобасы талқыланады.

       

Н.Абдураимова, Н.Хайдаров (сурет),

ӨзА