English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Парламентаралық одаққа мүше елдер парламенттерінің көшбасшы әйелдер саммиті өтуде
16:38 / 2022-09-08

2022 жылдың 8 қыркүйегінде Ташкентте Парламентаралық одаққа мүше мемлекеттер парламенттерінің көшбасшы әйелдерінің 14-ші саммиті өз жұмысын бастады.

БҰҰ, Парламентаралық Одақ және оған мүше елдердің парламент палаталарының әйел спикерлері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары, 17 елдің 120-дан астам парламенттерінің өкілдері қатысып жатқан Ташкент саммиті «Парламенттік көшбасшылық: тұрақтылық пен өркендеуді тиімдірек қамтамасыз етудегі тәуекелдерді бағалау» тақырыбына арналды.

Саммиттің мақсаты – COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты дағдарыстың салдарын ескере отырып, тұрақтылық пен өркендеуді тиімді қамтамасыз ету мақсатында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер құқықтарын кеңейту бойынша парламенттердің басым бағыттары мен іс-қимылдарын анықтау.

Сенат төрағасы Танзила Норбоеваның төрағалығымен өткен шараның басында Президенть баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің осы мәртебелі конференцияға қатысушыларға құттықтауын оқып берді.
 

Н.Абдураимова, ӨзА