Ташкентте Орталық Азия Вики-конференциясы өтті
Іс-шараға әлемнің 20 елінен 90-нан астам адам қатысты. Негізгі қатысушылар — Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері болды.
Екі күндік конференция барысында өңір тілдеріндегі Википедияны дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру және еркін білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Айтулы шара қорытындысында мұндай конференцияларды жыл сайын өткізу, сондай-ақ тәжірибе мен идеялар алмасу үшін Орталық Азия қауымдастықтарының әр айда бір рет онлайн кездесулерін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.