Ташкент қаласында «Орталық Азия – Қытай» сараптамалық орталықтарының төртінші форумы басталды.
Конференцияға 20-ға жуық ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарының 40-тан астам лауазымды тұлғалары мен сарапшылары, Өзбекстан дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысуда.
Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты мен Қытай Әлеуметтік ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара, Президент Шавкат Мирзиёев 2023 жылы мамырда Сиань қаласында өткен Қытай және Орталық Азия елдері басшыларының саммитінде мәлімдеген бастама аясында өтуде.
Еске сала кетсек, «Орталық Азия-Қытай» сараптамалық орталық форумын құру туралы шешім 2021 жылдың мамыр айында өткен сыртқы істер министрлерінің отырысында қабылданған. Бірінші форум 2021 жылдың қарашасында Бейжіңде онлайн режимінде, ал екіншісі 2022 жылдың қарашасында Бейжіңде гибридті форматта өтті. 2023 жылдың қыркүйегінде ұйымдастырылған үшінші конференцияда барлық қатысушылар Сиань қаласында бас қосты. Төртінші кездесу Қытайдан тыс жерде – Өзбекстанда алғаш рет өткізіліп отыр.