Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
23:52 / 2019-11-15

29 қарашада Ташкентте өтетін Орталық Азия елдері басшыларының консултациялық кездесуі талқыланды


Бүгін 15 қарашада Ташкент қаласында Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі алдынан дайындық аясында осы елдердің сыртқы істер министрлері кездесу өткізді.

Кездесуде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғыстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінің сыртқы істер министрлері қатысып аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселесі мен алда өтетін жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық барысын талқылады.

Министрлер қазңргі кезде аймақтағы экономиканың біршама өскенін айтып арадағы сауданың қарқыны артқаны, көлік және коммуникациялық жүйенің дамуы, аймақ елдерін байланыстыратын жаңа жер үсті және әуе бағыттарының ашылуын жақсы бағалады.

Осы сынды күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, 29 қарашада Ташкентте өтетін Орталық Азия елдері басшыларының консултациялық кездесуін ақылдасып келе, кеңесте айтылар негізгі мәселелер сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, көлік инфрақұрылымын, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрмен нығайту жолдары турасында күн тәртібіне енгізуді жоспарлады.