Ташкентте «Орталық Азия – АҚШ» (C5+1) форматындағы кездесу басталды
Жиында АҚШ Орталық Азия үшін жаңа стратегия жасап шыққаны жайлы айтылмақ
Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Комилов (Өзбекстан), Мұхтар Тілеуберді (Қазақстан), Чингиз Айдарбеков (Қырғызстан), Сирожиддин Мухриддин (Тәжікстан), Рашид Мередов (Түркіменстан) пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампеоның қатысуында «Орталық Азия – АҚШ» («C5+1») форматындағы кездесу басталды.
2015 жыл Самарқандта негізі қаланған бұл форматтағы кездесудің бүгінгі отырысында Майк Пампеоның журналистерге берген мәліметіне сүйенсек АҚШ Орталық Азия үшін жаңа стратегия жасап шыққаны жайлы айтпақ. Сыртқы істер министрлері кеңесті басталар алдында суретке түсті.