Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «One Million Uzbek Coders» жобасы іске қосылды
18:01 / 2019-11-21

Жобаның мақсаты - цифрлық технологиялар саласындағы мамандардың келесі ұрпағын дайындау және бағдарламалау бойынша қажетті білім мен қамтамасыз ету.


Бұл жоба қазіргі заман талабына өте қажетті болған IT саласына қатысты бағдарламалауды қашықтықтан оқыту болып Үкімет онда бір миллион өзбекстандық бағдарламалаушыларды дайындамақ.

«One Million Uzbek Coders» жобасы Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ортақ келісімі арқасында жүзеге асырылып, жоба мамандандырылған онлайн-портал арқылы халыққа қашықтықтан білім алуға мүмкіндік береді. Кез-келген талапкерлер жоба басталғаннан кейін бірден өтініш беру арқылы қатысуға болады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - цифрлық технологиялар саласындағы мамандардың келесі ұрпағын дайындау және бағдарламалау бойынша қажетті білім мен қамтамасыз ету.

Жобаның алғашқы кезеңінде глобалды нарықтағы сұраныс жоғары болған төрт мамандықты қамти түрып, онда деректерді талдау,Android, FrontEnd және FullStack бағдарламаларын әзірлеуден тұрады. Жалпы курстың ұзақтығы 120 сағаттық жаттығуларға арналған. Әр кезеңнің соңында қатысушылар зертханалық жұмыстарды дайындайды, содан кейін арнайы сертификаттар алатын болады.

Курсты сәтті аяқтаған түлектер грантты жеңіп алу үшін өз білімін сынақтан өткізеді және Udacity платформасындағы жүзден астам «Nanodegree» бағдарламаларының бірінде білімдерін жалғастыра алады. Ол үшін үміткер қорытынды емтиханды сәтті тапсырып, ең көп балл жинаған 150 оқушының тізіміне енуі керек.

Айта кету керек, бағдарламашыларға арналған қашықтықтан оқыту жобасы алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктерінде «One Million Arab Coders» деген атпен іске қосылды. Осы жылдың наурыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің БАӘ-ге жасаған ресми сапары барысында бірқатар салаларда, соның ішінде ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілгендіктен бұл жоба, бүгін Ташкенттегі «Инха» университетінде өткен шарада іске қосылды.