Ташкентте «Үнсіз фильмдер фестивалі» өтеді
Ташкенттегі Жастар шығармашылық сарайында 10-14 наурыз күндері Өзбеккино және Гете институты ынтымақтастығында «Үнсіз фильмдер фестивалі» өтеді.
Фестивальде өзбек және неміс киносының үнсіз классикалық үлгілері көрсетіліп, кртиналар «Сафо» тобының жанды музыкалық туындыларымен әрленбек.
Фестивальдің бірінші күні Гете институтында «Республикалық кино қоры» директоры Элжон Аббасов пен киносыншы Нигора Каримованың қатысуымен «Кинолекторий» деректі медиа-жобасының тұсаукесері өтеді.