Ташкентте Әмір Темірді еске алу шарасы өтті
Темуридтер империясының негізін қалаушы, құдіретті қолбасшы, ұлы ойшыл Әмір Темірдің туғанына 686 жыл толды.
Осыған орай Ташкент қаласында Сахибқыранның 686 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Әмір Темір 1336 жыл 9 сәуірде Шахрисабздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген. Әмір Темір құдіретті қолбасшы ғана емес, ұлы ойшыл, мәдениет пен өркениетке ерекше назар аударған өз дәуірінің ұлы тұлғасы.
Шараға қатысушылар Әмір Темірдің мүсініне гүл шоқтарын қойды.
[gallery-6559]