ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкенттегі Фотосуреттер үйінде «Мойнақ: кеше, бүгін, ертең» атты ерекше фотокөрме ашылды.
Уақыт көшіндегі Мойнақтың өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, келешегіне үмітпен қарауға шақыратын бұл көрме – тағдырлар мен тарихты сөйлететін деректі туындылар топтамасы.
Аталған жоба Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі, Өзбекстан Бейнелеу өнері академиясы, Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігі, Кинофотофоноқұжаттар ұлттық мұрағаты және Ташкент фотосуреттер үйінің бірлескен шығармашылық серіктестігі аясында ұйымдастырылды.
[gallery-24236]
Фотокөрме көрерменге Мойнақтың бір кездегі гүлденген шағынан бастап, Аралдың тартылуы салдарынан бастан кешкен қиындықтары мен бүгінгі жаңғыру жолындағы талпыныстарын бейнелі суреттер арқылы паш етеді.
суреттерді түсірген О.Пардаев, ӨзА