Ташкентте мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды
Ташкент қаласында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды
Туризм және мәдени мұра министрлігінің мәліметінше, орталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұрмысы төмен отбасы балаларына қайырымдылық шараларын өткізу.
Орталықтың негізгі міндеттері:
- инклюзивті туризмді дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру;
- мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы үшін жағдай жасауға көмектесу;
- әлеуметтік туризм саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың, құқықтық құжаттардың және басқа да шешімдердің жобаларын әзірлеу және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
- туристік объектілерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жасалған жағдайларды зерттеу;
- Самарқанд, Бұхара, Хиуа, Қарақалпақстанда қолайлы туристік маршруттарды дамыту;
- министрліктер және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.
Туризм және мәдени мұра министрлігі Әлеуметтік туризм қауымдастығымен бірлесе отырып, «Барлығы үшін саяхат» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 50 адамға Самарқанд пен Бұхараға екі күндік туристік саяхаттар ұйымдастырды. 2022 жылы жоба Самарқандқа 200 адамның саяхатын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Туристерге кететін шығынның 50 пайызы грант, 50 пайызы қайырымдылық қорлары есебінен өтеледі деген болжам бар.