Ташкентте Мейманхана және аспаздық өнер институты ашылады
Францияның Le Cordon Bleu академиясының қолдауымен Ташкент қаласында Мейманхана және аспаздық өнер институты ашылады.
Парижде өткен кездесуде Ташкент қаласы әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен Le Cordon Bleu академиясы туризм және қонақ үй шаруашылығы саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімге сәйкес Ташкент қаласында Мейманхана және аспаздық өнер институты ашылады.
Атаулы оқу орнының қызметін жолға қою арқылы республика көлемінде туризм және қонақ үй шаруашылығы саласында әлемдік стандарттағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және олардың негізінде жоғары білікті мамандар даярлау, туризм, аспаздық және қонақүйді басқару бойынша өтетін халықаралық көрме, семинар және конференцияларда Өзбекстанның туристік әлеуетін кеңінен насихаттау сынды міндеттер белгіленді.