Құрылысы 2017 жылдың ақпанында басталған Ташкент металлургия зауыты бүгін 4 желтоқсанда іске қосылды. Кешеннің ашылу салтанатына Президент Шавкат Мирзияев қатысты.

Ашылу салтанатында Шавкат Мирзияев осы зауыттың құрылуына үлес қосқан жобалаушы мен құрылысшыларға, сондай-ақ шетелдік серіктестерге алғысын білдіріп:- Біз инновациялық экономиканы, заманауи индустрияны қалыптастыруға, қолайлы инвестициялық климат құруға, шет елдер және жетекші компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударамыз. Бүгінде барлық жағынан теңдесіз болған Ташкент металлургия зауытының іске қосылуы біздің осы бағыттағы күш-жігеріміздің тағы бір практикалық көрінісі болып табылады, - деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты ашылу шарасына қатысқан Ресей Федерациясының Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров Өзбекстан Президентіне екі ел арасындағы ынтымақтастықты және ірі жобаларды қолдағаны үшін алғыс айтты.
Атаулы зауыттың құрылысы толықтай бітіп іске қосылуына дейін 420 миллион доллар жұмсалған. Ал енді жаңа зауыт жылына 500 мың тонна мырыш пен полимер қабатты металл қаңылтыр шығарады. Алдындары мұндай өнімдер негізінен шет елдерден импортталатын.
Алдын ала болжам бойынша зауытта жылына 90 миллион доллардың өнімін экспорттау жоспарланып отыр. Кешенде 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Десе де байланысты салалармен бірге 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.




