Ташкентте ұлттық қуыршақ фестивалі өтеді
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ташкент қаласындағы «Навруз» саябағында Ұлттық қуыршақ фестивалі өтеді.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің хабарлауынша, фестиваль аясында республика өңірлерінен келген қолөнер шеберлерінің қатысуымен «Қуыршақ фестивалі» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке 1 маусым күні сағат жергілікті уақыт бойынша 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Балалар қойылымдары сағат 18:00-де басталады.
Фестивальде әлеуметтік қорғауға және қажеттілікке мұқтаж отбасылардан шыққан 100 балаға қайырымдылық шаралары, мәдени бағдарламалар мен ойын-сауық ұйымдастырылады.