Ташкентте Әлішер Науаи ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Ташкенттегі Жазушылар аллеясында шығыстың шоқ жұлдызы Әлішер Науаидың туғанына 584 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің «Алишер Науаи және Шығыс Ренессансы» IV халықаралық симпозиумы қатысушыларына жолдаған құттықтауы бұл мерекеге ерекше сән берді.
9 ақпан күні дәстүрге сай таңсәріден-ақ Ташкенттегі «Жазушылар аллеясындағы» Алишер Науаи ескерткіші маңы бұрынғыдан да халыққа толы болды.
[gallery-21642]
Еске алу шарасында Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Минхожиддин Мирзо осында келген қонақтар алдында шайыр Әлішер Науаидың өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертті.
Айтулы шара соңында осында жиналғандар Әлішер Науаи ескерткішіне гүл шоқтары қойды.
суреттерді түсірген Н.Хайдаров, ӨзА