Ташкентте үлгілі жобада автобус аялдамалары құрылады
Ташкент қаласында дүкені жоқ, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы, тегін wi-fi және бақылау камералары бар автобус аялдамалары салынады.
Қала әкімдігінің дерегінше, жаңа автобус бекеттері қала тұрғындары мен басқа жақтардан келетін азаматтарға қолайлылық жасау мақсатында үлгілі жоба негізінде құрылады.
Әзірленген үлгілі жобалар негізінде 2022 жылдың соңына дейін Ташкентте 280 аялдаманы электронды онлайн-аукцион сауда платформасында сатылымға шығару жоспарлануда.
Бұдан бөлек, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін сауда және тұрмыстық қызмет көрсететін қолданыстағы аялдамаларда жолаушылар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасау шаралары қабылданатын болады.
Атаулы қаулы жобасы 11 наурызға дейін талқылауда болады, делінген хабарламада