Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте әлемдік стандарттарға сай жабық бассейн салынады
10:47 / 2021-01-15

Ташкент қаласының «Яшнабад» ауданында халықаралық стандарттарға толық жауап беретін бассейн құрылысы жүріп жатыр.

Дене шынықтыру және спорт министрлігінің хабарлауынша, атаулы спорт кешені жүзу, синхронды жүзу және су полосы бойынша Өзбекстан құрамалары мен тұрғындарының жаттығуы үшін барлық жағдайлар жасалады.

Жабық түрдегі бассейн осы жылдың қыркүйек айында толық іске қосылады деп жоспарланған. Кешеннің 1-қабатында 50х20 көлеміндегі бассейн, спортшыларға арналған ас үй, әйелдер мен ерлерге арналған шаштараз болса, 2-қабатта әкімшілік бөлмелері мен спортзал орналасқан. Ал, 3-қабатта Өзбекстан құрамасының 40 мүшесіне арналған жатақхана салынуы көзделген.