2022 жылдың 8-9 қыркүйегінде Ташкентте Парламентаралық одаққа мүше мемлекеттер парламенттерінің жетекші әйелдерінің 14-ші саммиті өтеді.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің дерегінше, келісімге Венада өткен 13-ші саммит барысында қол жеткізілді. Ондағы кездесуде Олий Мжлис Сенат төрайымы Танзила Нарбоева саммитке қатысушыларға Өзбекстандағы гендерлік теңдік саласындағы реформалар туралы айтып берген.
Өзбекстанда және жалпы аймақта алғаш рет ұйымдастырылып отырған 14-ші саммит «Парламенттің жетекші рөлі: неғұрлым тиімді тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етудегі тәуекелдерді бағалау» тақырыбына арналмақ.
Саммиттің негізгі мақсаты – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және тұрақтылық пен өркендеуді тиімді қамтамасыз ету үшін әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша парламенттердің басымдықтары мен әрекеттерін белгілеу.
Саммитке парламентаралық одақ елдері парламенттерінің жетекші әйелдері, депутаттар мен халықаралық ұйымдардың әйелдер өкілдері қатысады.
Саммит соңында Ташкент декларациясын қабылдау жоспарлануда.