Ташкентте коронавирустан тағы төрт азамат қайтыс болғаны анықталды
Дәрігерлердің 14 күндік жұмыс ақысы ауруханада нақтылай төлеу жүйесі енгізілетін болды
Өзбекстанда коронавирустық жағдай 20 шілде күнге келіп науқастар саны 562 кісіге көбейіп 17 314-ке жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорынытды хабарарында айтылуынша бүгін Ташкенттегі медициналық мекемелерде төрт азамат індеттен көз жұмған. Бүгінге дейін 91 кісі өлімі тіркелген.
Сонымен қатар бүгін 184 науқас емделіп шығып қазіргі кезде жалпы аурудан сауыққандар саны 9463 құрауда.
Алдағы уақытта вирусқа шалдыққандары емдеуші әр бір арнайы ауруханада бөлек коммерциялы банк кассалары ашылып, дәрігерлердің 14 күндік жұмыс ақысы сол жерде төлеу жүйесі енгізіледі.
Қазіргі уақытта ел аумағында 62361 азамат үй жағдайында оқшауланған және 24628 жан арнайы карантиндік бақылау аймағында қалған. Республикадағы ауруханаларда 7760 науқас дәрігерлердің бақылауында, сондағылар арасында 79 кісінің жағдайы ауыр екендігі айтылады министрлік мәліметінде.