Ташкент қаласында Covid-19 вакцинасының заңсыз айналымына тыйым салынды.
ІІМ Сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, 2021 жылдың 6 шілдесінде М.М. Ішкі істер министрлігі қылмыстық іздестіру бөлімі басшысының (ҚІББ) атына өтініш жазып, онда интернет желісі Telegram мессенджері арқылы мемлекет тегін вакцинациялауға берген Covid -19 вакцинасын сату жайлы жарнама жариялағанын және бұл азаматқа қатысты заңды шара қолдануға шақырды.
Келіп түскен арызға сәйкес, осы жылдың 8 шілдесінде ІІМ Сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Ташкент қаласы, «Үштөбе» ауданы, «Лутфий» көшесіндегі «Гурман» дәмханасының алдында операция өткізіп, онда 186 дана «Covid -19 жаңа коронавирустық рекомбинантты вакцинаны (CHO жасушасы) ZF-UZ VAC2001» вакцинасының әрбірін 150 мың сумнан, жалпы 27 750 000 млн сумға сатуға келісііп және осы ақшадан 1400 АҚШ долларын алған кезде М. Я. есімді азамат заттай айғақтармен ұсталды.
Тергеу жұмыстарына байланысты А.З. бұл вакциналарды Ташкент қаласының Яккасарай ауданындағы отбасылық емханалардың бірінде жұмыс істейтін аға медбикесі Б.С. -дан алғаны анықталды.
Осы жағдайға байланысты, Яккасарай ауданы Ішкі істер департаментінің үйлестіру құзырындағы тергеу бөлімі А.З. және Б.С.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 186-3-бабының 2-бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізуде.