Ташкентте конкурдан халықаралық жарыс өтеді
21-23 сәуірде Ташкент қаласындағы «Universal Horses Stable» кешенінде дәстүрлі түрде өтетін ат спорты бойынша әлем кубогының Еуразия лигасы кезеңі, 27-30 сәуірде Еуразия лигасының Ұлттар кубогы және «Maxima Masters» Гран-при турнирі өтеді.
17 сәуірде осы жарысқа қатысатын спорттық аттар Франкфурт-Ташкент бағыты бойынша арнайы рейспен әкелінді және Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайынан тиісті тәртіпте базаға жөнелтілген.
Бұл беделді жарысқа Еуразия лигасына кіретін 11 елден шабандоздар, сонымен қатар Швеция, Германия, Франция, Италия, Нидерланды, Польша, Қытай, Жапония, Оман, Қатар, Иран, Үндістан сияқты 20 елден қонақтар келмек.
Естеріңізге сала кетсек, Еуразия лигасы кезеңдерінің соңында келесі жылы өтетін әлем кубогының финалдық кезеңінің қатысушысы анықталады.