Өзбекстан мен Корея Республикасы арасында қол қойылған бірқатар құжаттарға сәйкес Ташкентте Балалар ұлттық медициналық орталығы құрылып, ол осы жылдың 19 қазанында іске қосылды.
Осы орталық қасынан екі ел арасындағы ең үлкен және маңызды жобалардың бірі - «KOICA симуляция инновациялық оқыту орталығы» өз жұмысын бастап, оның ашылу салтанытына денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, корей және өзбек медицина қызметкерлері мен журналистер қатысты.
Айтулы шараға келген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эльмира Баситханова мен Кореялық серіктестер Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасымен жүзеге асқан осынау балалар ұлттық медициналық орталығы мемлекеттер арасында медицина саласындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісі деп баға берді.
Бұл орталықтың қасынан «KOICA симуляция инновациялық оқыту орталығын» ашудан басты мақсат - Өзбекстандағы педиатрия бойынша сапалы білімге қол жеткізу, осы саладағы білікті мамандарды даярлау, медициналық персоналды оқыту арқылы хирургиялық шеберлікті жетілдірілу, балалар өлімі мен аурушаңдығын төмендету және медициналық қызметтердің сапасын арттыру.
[gallery-564]
Сеул ұлттық университеті балалар ауруханасымен серіктестікте жұмыс істейтін атаулы орталыққа арнайы Кореядан мамандар шақыртылып, олар Балалар ұлттық медициналық орталығы дәрігерлері мен медбикелерінің біліктілігін арттыруға көмектеседі. Екі жақтық келісімге сай Кореядан келген мамандар оқыту процесін 2022 жылдың ақпанына дейін жалғастырады.