Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте KOICA-мен ынтымақтастықта қайта даярлау орталығы ашылады
12:41 / 2021-02-25

Ташкентте Кореяның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі KOICA-мен ынтымақтастықта қайта даярлау орталығы ашылады.

Мектепке дейінгі білім министрі Агриппина Шин KOICA-ның Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Пак Сунджинмен кездесіп, қайта даярлау орталығын ашу және сол орталықта мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым құру туралы келісім жасасты.

Жобаны 2021-2026 жылдары Корея Республикасының 11 млн доллар көлеміндегі сыртқы көмегі (гранты) есебінен жүзеге асыру жоспарланған. Кешенді орталық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен әдіскерлерін оқытады және қайта даярлайды. Кешенді орталықтың құрылысы 2022 жылға жоспарланған.

[gallery-1287]