Ташкентте «Кофе және Шәй-2022» фестивалі өтеді
2022 жылдың 13-15 мамыр күндері Ташкенттегі Көк күмбездер даңғылында «Кофе және Шәй-2022» (Tashkent Coffee & Tea Festival 2022) алғашқы фестивалі өтеді
Ташкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 15 мамырға дейін жалғасатын конференцияда кофе, салқын сусындар, какао, смузи және басқа да авторлық сусындар ұсынылады. Сонымен қатар, фестиваль аясында өтетін «Tea & Coffee Expo» көрмесінде Өзбекстанның үздік кофешілерден кофе дәндерін сатып алуға болады.
Фестивал аясында осы салаға қатысты соңғы жаңалықтары мен кофе аксессуарлары көрсетіледі. Сондай-ақ, семинар, лекция, шеберлік сабақтары мен дәм тату, бариста мамандығы бойынша дөңгелек үстел және басқа да көптеген іс-шаралар болады.