Ташкентте халықаралық марафон өтеді
Марафон Ташкенттің негізгі көшелері бойымен өтіп, жарысты отандық және шетелдік телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады
2020 жылдың Наурыз мерекесіне арналған Ташкентте II халықаралық марафон өтпек.
Айтулы мерекенің көркіне сән қосатын осынау марафонды 21-23 наурыз күндері өткізу жоспарланып, онда кәсіпқой және әуесқой спортшылар 1,5 шақырымнан 40 км-ге дейінгі аралықта жүгіреді. Марафонды жүгіруде жеңімпаздар 4 миллионнан 30 миллионға дейін, жартылай марафон жеңімпаздары 3 – 12 миллионға дейін, 3 шақырымдық жеңіс иелері 1-3 миллионға дейін ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1,5 – 3 шақырымға дейінгі аралықтағы жеңіске жеткендер қымбат бағалы сыйлықтарға иелік етеді.
Марафон Ташкенттің негізгі көшелері бойымен өтіп жарысты отандық және шетелдік телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады.