Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте халықаралық инвестициялық форум өтпек
19:48 / 2020-01-27

Биыл Өзбекстанда ел экономикасына 5,8 миллиард долллар тікелей шетел инвестициясын тарту жоспарланған


27 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент халықаралық инвестициялық форумын жоғары деңгейде ұйымдастыру туралы кеңес өткізді.

Биыл Өзбекстанда ел экономикасына 5,8 миллиард долллар тікелей шетел инвестициясын тарту белгіленген болып, сол мақсатта наурыз айында Ташкентте халықаралық инвестициялық форум өткізуді жоспарлаған.

Форумның негізгі мақсаты - экономиканың драйвері болып табылатын энергетика, машина жасау, электротехника, ақпараттық технологиялар, тоқыма, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, құрылыс және өңірлерге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды кеңейту.


Бүгінгі Мемлекет басшысының төрағалығында өткен жиында осы мәселелер жөнінде негізгі бағыттар белгіленіп, форумды жоғары деңгейде өткізу жайлы сөз болды.

Сыртқы істер министрлігіне шетелдің беделді компаниялары мен халықаралық қаржы ұйымдары және БАҚ өкілдерін осы форумға шақыру жайлы тапсырма берілді. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.