Ташкентте карантин талабын бұзған 800-ге жуық азаматқа айыппұл салынды
Өзбекстанда эпидахуалдың нашарлауына байланысты 18 сәуірден бастап карантин талабы күшейтілген болып, осыған орай Ташкентте бір күнде карантин талабын бұзған 773 азаматқа айыппұл салынды.
ІІБ хабарлауынша, өткен тәулікте қала көшелерінде бетпердесіз жүрген 773 азаматқа айыппұл салынып және қойылған шектеулер туралы 818 кісіге ескерту жасалған.
«Құрметті Ташкент тұрғындары және қала қонақтары! Инфекцияның таралуын болдырмау үшін бәріміз денсаулықты күтуге, қауіпсіздікті сақтауға мұқият назар аударуымыз керек», - делінген хабарламада.
Еске салар болсақ, Өзбекстанда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 17 сәуірде Республикалық арнайы комиссияның кеңейтілген жиыны өтіп, онда 18 сәуірден бастап елде карантиндік ережелердің сақталуын бақылау одан әрі күшейтілетіні және қатаң ережелер белгіленген болатын.