Ташкенттегі «Central Asian Expo Uzbekistan» халықаралық көрме кешенінде «Жібек жолындағы туризм» атты 30-Ташкент халықаралық туризм жәрмеңкесі өтті.
Орталық Азиядағы туризм саласындағы ең ауқымды алаңдардың бірі саналатын бұл көрме көптеген елдердің туристік өнімдерін таныстырып, жаңа серіктестік байланыстарын орнатуға, халықаралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беріп келеді.
[gallery-26454]
ТХТЖ–2025 жәрмеңкесіне әлемнің түрлі аймақтарынан келген 300-ге жуық компания, сондай-ақ «Hosted Buyers» бағдарламасының өкілдері қатысты. Туризм индустриясы үшін маңызды кәсіби алаңға айналған шара аясында қатысушылар B2B форматындағы келіссөздерге, салалық дөңгелек үстелдерге қатысып, туристік қызметтер мен қолөнер туындыларының көрмесін тамашалады.
Жәрмеңке шамамен 15 мыңға жуық жергілікті және шетелдік кәсіби мамандарды бір алаңда тоғыстырды. Ресми ашылу салтанатында Орталық Азия және Әзербайжан елдерінің Туризм комитеттерінің басшылары сөз сөйлеп, қатысушыларды мерейтойлық шарамен құттықтады.
суреттерді түсірген Н.Хайдаров, ӨзА