Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Жаңа жылдық бас шырша бой көтерді
12:04 / 2020-12-21

Жаңа жылдық мерекені көтеріңкі көңіл-күйде өткізу мақсатында Ташкент қаласында Жаңа жылдық бас шырша бой көтерді.

Ташкент қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 20 желтоқсаннан бастап Жаңа жылдық бас шырша Өзбекстан Ұлттық кітапханасының жанында ашылды.

Биылғы мерекелік шараның ерекшелігі, мұнда балаларға арналған ойын алаңдарынан бөлек, осында келген жандар музыкалық әуен астында түрлі жарықшамдар мен RGB экраны арқылы қызықты қойылымдарды көреалады.

Бұдан бөлек, күндізгі уақытта эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік шоулар мен цирк қойылымдарын тамашалау мүмкін.

Жаңа жылдық мерекелік шаралар 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жалғасатын болып, мұнда келген азаматтардан карантин ережелерін сақтау сұралады, делінген хабарламада.