Ташкентте IV халықаралық қолданбалы өнер биенналесі өтеді
2023 жыл қазан айында Ташкент қаласында IV халықаралық қолданбалы өнер биенналесі өтеді.
Өзбекстан Өнер академиясының хабарлауынша, бұл шығармашылық жоба Мемлекет басшысының 2017 жылғы 16 тамыздағы «Өзбекстан Өнер академиясының қызметін дамыту және одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Республика және шетел шеберлері мен қолөнершілері, суретшілердің туындыларын көрсетуге арналған бұл биеннале суретшілердің идеялары мен тәжірибе алмасуының бірегей алаңы болары сөзсіз.

Биеннале аясында қызықты көрмелер, презентациялар, конференциялар мен шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.