Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Ислам ынтымақтастық ұйымы комиссиясының халықаралық семинары ашылды
08:25 / 2019-10-08

Іс-шара бағдарламасында халықаралық семинарға қатысушылар үшін Өзбекстанның әсем қалалары Ташкент пен Самарқанға саяхаттар жоспарланған.


Алдын хабар бергеніміздей 7-ші қазан күні Ташкентте Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Адам құқықтары бойыншаТәуелсіз тұрақты комиссиясының «Бейбіт, демократиялық қоғам құруға және тұрақты даму жолында жастардың құқықтарын көтермелеу мен қорғаудың маңыздылығы» туралы жылдық 6-шы семинары іс бастады.


Атаулы форумды ИЫҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссиясының төрағасы Акмал Саидов ашып берді. Содан соң конференцияға жиналғандардың сөзі алдынан Құран оқылды.

Ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Жоғары Мажлісінің Сенат Төрағасы Танзила Норбоева және ИЫҰ Бас хатшысы Маха Акил мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының өкілі Ричард Коменда сөз сөйледі.

Халықаралық форумға қатысушылар естелікке суретке түсті.

Конференция 8 қазанда аяқталады. Іс-шара бағдарламасында халықаралық семинарға қатысушылар үшін Өзбекстанның әсем қалалары Ташкент пен Самарқанға саяхаттар жоспарланған.