Ташкентте Ислам Каримовты еске алу шарасы өтті
ФОТОРЕПОРТАЖ
2 қыркүйек күні мемлекет мекемелерінің өкілдері мен Ташкент қаласының жұртшылығы Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Каримовты еске алу үшін жиналды.
Ислам Каримов Өзбекстан тәуелсіздігін жариялаған және оны даму жолына бастаған тарихи тұлға.
[gallery-25122]
Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағартушылық ескерткіш кешенінде Құран оқылды. Тұңғыш Президенттің елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, халықтың тұрмысын жақсарту жолындағы қызметтері еске алынды.
Шара барысында Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис, Президент әкімшілігі, Министрлер Кабинеті, министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ қоғам өкілдері Тұңғыш Президент ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
суреттерді түсірген Р.НАЗАРМАТОВ, ӨзА