French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте интернет жылдамдығын 5 есе, цифрлық қызмет көлемін 3 есеге арттыру жоспарлануда
14:07 / 2021-10-19

Ташкент қаласында интернет жылдамдығын 5 есе, цифрлық қызметтер көлемін 3 есеге арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына үміткер Шавкат Мирзияев Ташкент қаласының сайлаушыларымен кездесуінде мәлімдеді.

- Алдағы бес жылда Ташкентте интернет жылдамдығын 5 есеге және цифрлық қызметтер көлемін 3 есеге арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта «Цифрлы Ташкент» және «Ақылды қала» бағдарламалары жүзеге асырылатын болады, - деді Шавкат Мирзияев.

Осы бағдарламалар бойынша қалада салынатын әрбір көпқабатты тұрғын үйлер, білім беру, медицина, мәдени және басқа да объектілер жоғары жылдамдықтағы интернетпен жабдықталады. 

Олар қатарында: 

- 2 мың қолданыстағы медициналық мекеме, балабақша, мектеп, университет пен маңайдағы кеңселер жоғары жылдамдықты интернетке қосылады;

- өаладығы барлық метро станциялары, аялдамалар және басқа да қоғамдық орындар сымсыз интернетпен қамтамасыз етіледі;

- мемлекеттік қызметтер мен зейнетақы жүйесі толық цифрландырылады;

- қала тұрғындары үшін бірыңғай медициналық карта, медициналық сақтандыру және электронды рецепт бойынша ақпараттық жүйе іске қосылады.

Сонымен қатар, барлық аудандарда «Қауіпсіз қала» жүйесі енгізіледі. Оны жасанды интеллект құрылғыларын кеңінен қолдану арқылы адамдар көп жиналатын жерлерде, демалыс аймақтарында, теміржол вокзалдары мен әуежайларда адамдарды анықтау мүмкіндігі пайда болады.