Ташкентте «InnoWeek» инновациялық идеялар апталығы өтеді
2022 жылдың 17-21 қазаны аралығында Ташкент қаласында ғылыми-инновациялық қызметтің дамуы, жүзеге асырылуы және нәтижелеріне арналған «InnoWeek» халықаралық инновациялық идеялар апталығы өтеді.
Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, осы апталық аясында «Тұрақты даму үшін жасыл инновациялар» тақырыбымен өтетін халықаралық технология көрмесі ұйымдастырылады. Ол баламалы энергия жүйелері, биотехнологиялар, химия өнеркәсібі, робототехника, қоршаған ортаны қорғау, материалтану салаларындағы коммерцияландыруға дайын зерттеу үлгілері мен әзірлемелерін көрсетеді.
«InnoWeek» – инновациялық идеялар апталығына әлемнің 50-ден астам елі мен халықаралық ұйымдар, 100-ден астам компания, 40-қа жуық шетелдік ұйымдар қатысады деп күтілуде.