Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте инновациялы фармацевтикалық кешеннің құрылысы басталды
20:56 / 2020-04-17

79 гектарлы аумаққа жалпы 14 инвестициялық жоба бойынша аймақтағы жалғыз заманауи фармацевтикалық кешен құрылады


17 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің бейнебайланыс арқылы қатысуымен Ташкент облысының Заңгіата ауданында «Tashkent Pharma Park» инновациялық ғылыми-өндірістік фармацевтикалық кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі. 

Бейнебайланыс аясында Мемлекет басшысы инновациялық және жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техникалық құралдарды өндіруге, осы саладағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, заманауи кадрларды даярлауға, сондай-ақ фармацевтика саласын одан әрі дамытуға бағытталған жобаны сәтті жүзеге асырылу үшін басталған жұмыс жоспарымен танысты.

Мемлекет басшысының тарапынан осынау кластерді құрудың тұжырымдамасы мен жоспары осы жылдың қаңтарында бекітілгеніне орай, Ташкент облысының Заңгіата ауданында 79 гектарлы аймақ бөлінді. Алдағы кезде жалпы 14 инвестициялық жоба бойынша аймақтағы жалғыз заманауи фармацевтикалық кластер құру мен 1700-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Бұл кластер технопарк пен индустриалды аймақтан тұратын болады. Оның құрамында академиялық, ғылыми және фармацевтикалық секторлар орналастырылады. Атап айтқанда фармацевтикалық техникалық университетті құру жоспарлануда. Бұл оқу орны дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтар, косметология және басқа да өнімдер өндірісі бойынша халықаралық білім беру стандарттары деңгейінде жоғары білікті кадрларды дайындайды. Болашақта шетелдік клиникалар, медициналық орталықтар ашу, кластердің инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарға енгізілген.

Аймақтағы алдыңғы шепті кластердің ғылыми және білім беру құрылымдарын қаржыландыру Корея Республикасы Эксимбанкінің Экономикалық даму саласындағы ынтымақтастық қорымен ұзақ мерзімді несиелер көмегімен жасалды.

Құрылысы басталған кешеннің - осы саладағы өзіне тән алғашқы «ғылыми қалашығы» ретінде, ол бүкіл желі үшін берік негізі іспетті болмақ. Мұнда халықаралық тәжірибені кеңінен қолдану, шетелдік инвестициялар мен алдыңғы қатарлы ғылыми әзірлемелерді тарту, инновациялық шешімдер мен жоғары технологияларды енгізу арқылы Өзбекстанда фармацевтика саласының дамуын мүлдем жаңа деңгейге алып шығады.