Ташкентте Өзбекстан мен Ресей тарапынан ұйымдастырылған машина жасау, металлургия, энергетика, химия және фармацевтика салаларына арналған халықаралық көрме ашылды.
Өзбекстан Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі бірлесіп ұйымдастырған көрмеге 300-ден астам компаниялар мен іскери делегациялар қатысуда.
12,5 мың шаршы мертді құрайтын ауданда ашылған көрмеде негізінен машина жасау, металлургия, энергетика, химия және фармацевтика салаларын ұсынады және 200-ден астам кездесулер мен 15 іскерлік шараларды қамтиды.
Іnnoprom-2021 көрмесінің басты мақсаты - Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамыту, саланың жаңа даму нүктелерін табу, іскерлік қатынастарды нығайту, - делінген ресми хабарламада.
Халықаралық өнеркәсіптік көрмеде Өзбекстан және Ресей елдерінен басқа Франция, Германия, Чехия, Жапония, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Арменияның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен іскери делегациялары қатысуда.
[gallery-1908]