French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «Hotel Business Forum – 2024» өтеді
11:32 / 2024-02-16

2024 жылдың 29 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Ташкент қаласында «InterContinental Tashkent» қонақүйінде бесінші халықаралық «Hotel Business Forum – 2024» форумы өтеді.

Атаулы шарада, құрамына шетелдік сарапшылар, қонақ үй бизнесі мен қонақүй провайдер жүйесінің өкілдері, туроператорлар мен маркетологтар бас қосады.

Биылғы форум Өзбекстандағы қонақжайлылық индустриясын дамытудың жаһандық идеяларына арналады. Бағдарламада әртүрлі тақырыптар бойынша пленарлық және панельдік сессиялар болады. Олар қонақжайлылық индустриясындағы жасыл технологиялар, франшизада салынған инвестицияның қайтарымы, қонақ үй индустриясындағы ІТ рөлі, қызметтерді цифрландыру және қонақ үй индустриясы үшін кадрларды даярлау мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар мұнда Өзбекстанның ұлттық қонақжайлылық сыйлығын тапсыру рәсімі де өтеді. Қонақжайлылық индустриясының үздік кәсіпорындарын анықтауға қызмет ететін бұл ірі жоба республиканың туристік тартымдылығын арттыруға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.