Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдігі ашылады
14:16 / 2021-01-19

Өзбекстан Халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтеді және Ташкентте ұйымының өкілдігі ашатын болады. Бұл туралы 2021 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасында айтылған.

Ондағы мәліметке сай, іс-шаралар жоспары жасақталады. Жобада:

  • Халықаралық көші-қон ұйымы бас директорының Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру;
  • 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюды ұйымдастыру;
  • Ташкентте Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдігінің ашылуын ұйымдастыру;
  • 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыру істері көзделген.

Орындау мерзімі - 2021 жылдың 15 маусымына белгіленген. Ал, іске асыруға жауапты ретінде- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Сыртқы істер министрлігі, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі, Ішкі істер министрлігі, мүдделі министрліктер мен ведомстволар бекітілген.