Ташкентте Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ғажайыптар керуені» фестивалі өтеді.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің ұйымдастыруымен «Next» сауда ойын-сауық кешенінде өтетін фестивальде концерт, көрме, қайырымдылық акциялары және басқа да салтанатты шаралар өтеді.
Атап айтқанда, «Ғажайыптар керуені» фестивалі аясында мәнерлеп сырғанаудан Өзбекстан жастар құрамасының қатысуымен «Ғажайыптар керуені» мұз шоуы акциясы өтеді.
Сондай-ақ шарада Өзбекстандағы балаларға қайырымдылық жасауға мамандандырылған қорлар мен үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдардың презентациялары өтеді.
Фестивальдің басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін ашу және оларды қолдау.
Балаларды кәсіпке баулу үшін түрлі мамандықтар бойынша бекеттер мен салауатты өмір салтын ұстанатын жастар үшін де арнайы жаттығулар ұйымдастырылады.
Фестивал аясында балаларға арналған «Тантана» вокалды-эстрадалық тобы өзінің шоу-концертін ұсынады.