Ташкент қаласында Халықаралық ауыл шаруашылығы университеті ашылды.
28 қыркүйек күні Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша Ұлыбританияның Корольдік ауылшаруашылық университетімен (Royal Agriculture University, RAU) ынтымақтастықта Халықаралық ауылшаруашылық университетінің (ХАУ) жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Университетті ашудың негізгі мақсаты Өзбекстанның ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдардағы стратегиясын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы саласына заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес жоғары білікті кадрларды даярлау. Осыған байланысты жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты дамыту да қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, оқу жылының алғашқы жылында 160 студент қабылданды. Барлық дәрістер ағылшын тілінде өтеді, сондықтан университетке түсудің негізгі талаптарының бірі ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білу, яғни IELTS емтиханында кемінде 5 балл алу.
Оқу бағдарламасы мен оқу үдерісіне қойылатын талаптарды шетелдік серіктес университет – Корольдік ауылшаруашылық университеті (РАУ) анықтайды. Бұл 150 жылға жуық тарихы бар Ұлыбританиядағы ең беделді университеттердің бірі. Ташкенттегі Халықаралық ауыл шаруашылығы университетінің түлектері оқуын аяқтаған соң британдық университеттің дипломын алады.
Университетте агрономия, агроэкономика, агрологистика, биотехнология, ақылды ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары енгізілген.