Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «GDG DevFest» бағдарламашылар фестивалі өтті
11:45 / 2024-12-12

Ташкентте Google Developers Group (GDG) ұйымдастырған «GDG DevFest» бағдарламашылар фестивалі өтті.

Технологияға құмар жандарды бір алаңда тоғыстырған бұл іс-шараға Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов пен АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джонатан Хеник қатысты.

«GDG DevFest» фестивалі – Google Developers Group қауымдастығы жыл сайын ұйымдастыратын әлемдік деңгейдегі шаралардың бірі. Бұл платформа бағдарламашыларға, IT-мамандарға және технология саласына қызығушылық танытатындарға Google компаниясының ең жаңа технологиялары мен әзірлемелерімен танысуға мүмкіндік береді.

Биылғы фестиваль де халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік жасады.

Өзбекстанның түкпір-түкпірінен жиналған 1 мыңнан астам бағдарламашы іс-шараға қатысып, өздеріне қажетті білім мен тәжірибе жинақтады.

Бұл фестиваль IT саласында жаһандық тенденциялар мен инновацияларды меңгеруге бағытталған маңызды алаң ретінде өз орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.