2023 жылы Ташкентте француздық IBIS брендінің эконом-кластағы бірінші қонақ үйі ашылады.
Accor қонақ үйлер тобының дерегіне сәйкес, Қонақ үй алты қабатты ғимаратан тұратын болып, ол әуежай мен Ташкенттің орталық теміржол вокзалына 6 минуттық жерде, ал метро станциясы жаяу жетер жақын маңда орналасады.
«Біз Орталық Азияда жаңа жобаға қол қойылғанын және Өзбекстанда жаңа брендтің тұсаукесері туралы хабарлауға қуаныштымыз. Өзбекстанның туристік бағыт ретінде танымалдығы соңғы жылдары үнемі өсіп келеді. IBIS бренді Accor портфолиосындағы ең танымал және сүйікті брендтердің бірі болып табылады және ibis-тің Ташкентте іске қосылуы қаланың халықаралық саяхатшылар арасында танымал болуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», - деген Accor New East Europe бас директоры Алексис Деларофф.
Қона қүйдің ыңғайлы орналасуының арқасында ibis қонақтары қаланың басты көрікті жерлеріне жылдам жетіп, тамашалай алады. Балалары бар саяхатшылар аттракцион, ойын алаңы, кинотеатр, боулинг, аквариум және фуд-корты бар «Magic City» саябағында көңіл көтере мүмкіндігіне ие.
Жаңа қонақүйдің нөмірлері мен қоғамдық орындарының дизайны ibis бренді - Agora әлемдік дизайн тұжырымдамасы аясында жасалады. Жаңа қонақ үйде 150 нөмірлі жайлы бөлмелер ұсынбақ. Қонақ үй аумағында бірнеше дүкен, бар, мейрамхана және іс-шаралар өткізуге арналған конференц-залдар болады.