Ташкентте Фармацевтика техникалық университеті ашылады
Университет республикадағы фармацевтика саласын дамытуға бағытталған
Бұл жөнінде Президенттің арнайы жарлығында «Tashkent Pharma Park» инновациялық ғылыми-өндірістік фармацевтикалық кластерін құру туралы айтылған.
Жарлыққа сай атаулы ғылыми-өндірістік фармацевтика кластері Ташкент облысының Қыбрай ауданында құрылатын болып, ол өз құрамына Фармацевтика техникалық университеті мен инновациялық дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге арналған өндірістік базасы бар индустриалды аймақты қамтиды.
Бұл университет республикадағы фармацевтика саласын дамытуға арналған болып, онда дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдар мен медициналық техника, косметология, өнеркәсіп және бизнесті басқару саласындағы халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес білікті кадрлар дайындайтын болады.