French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Еуропалық Одақ делегациясының жаңа кеңсесі ашылды
13:40 / 2022-10-29

28 қазанда Ташкентте Еуропалық Одақ делегациясының жаңа кеңсесі ашылды.

Атаулы шараға, Еуропалық Одақ кеңесінің Президенті Шарль Мишель бастаған делегация және Өзбекстан СІМ басшысы Владимир Норов қатысты.

Шарль Мишель Өзбекстан басшысымен тиімді және сындарлы келіссөздер жүргізілгенін атап өтіп, оның саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі күш-жігерін жоғары бағалады.

– Біз адам құқықтары мәселесін талқыладық, Өзбекстан Президенті заң үстемдігін нығайту жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға дайын екенін білдірді, деді Ш.Мишель.

«Өзбекстан аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, сауда және ынтымақтастық қарым-қатынастарын кеңейту бойынша көптеген бастамалар мен идеялардың авторы», - деп қосты ол Мемлекет басшысының аймақтық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін ерекше атап.

[gallery-9331]

Еуропа Кеңесінің басшысы Шавкат Мирзияевтың күш-жігерінің арқасында Өзбекстан жаңа кейіпке еніп, ЕО-ның аймақтағы ең тартымды әрі басты серіктесіне айналғанын атап өтті. Қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету үшін жақын арада кең ауқымды серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісілді.

Өзбекстанда қараша айында тағы бір маңызды конференция – өзара тәуелділікке арналған Тұрақты даму үшін «Жаһандық қақпа» конференциясы өтеді. Ол өңіраралық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылау, ортақ мүдделі барлық мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін маңызды алаң қызметін атқарады.

Еуропа Кеңесінің төрағасы кездесу барысында Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу және Украинадағы қақтығыстың кері әсері де талқыланғанын атап өтті.

Шара соңында Мишель мырза Ташкенттегі Еуроодақ делегациясы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда және Өзбекстан Президентімен кездесуде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.