Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «Еуропа Одағы – Орталық Азия» азаматтық қоғам форумы өтеді
13:56 / 2023-03-09

2023 жыл 10 наурыз күні Ташкент қаласында «Еуропа Одағы – Орталық Азия» азаматтық қоғам форумы өтеді.

СІМ дерегінше, осыған байланысты министрлікте Еуропалық Одақ делегациясының басшысы, Елші Шарлотта Адрианмен кездесу өтіп, онда Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары, алдағы екіжақты және аймақаралық іс-шаралар талқыланды.

«10 наурызда Ташкентте өтетін «ЕО-Орталық Азия» азаматтық қоғамының 4-ші форумының ұйымдастырушылық аспектілері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. Еуропалық тарап Өзбекстан тарапына осы шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдірді», делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты күн тәртібін жаңа практикалық шаралармен толықтыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілгені айтылады ведосмтво ақпаратында.