Ташкентте экспресс-автобус бағытын іске қосу жоспарлануда
Ташкент қаласында қоғамдық жаңа экспресс-автобус бағытын ашу жоспарлануда.
Қалалық көлік басқармасының хабарлауынша, жаңа экспресс бағыттың жалпы ұзындығы 20,5 шақырымды құрайды және онда автобустар 4 кесте бойынша 23 минуттық интервалмен жүреді.
Қоғамдық көлік жаңа бағытта «Чиланзар базары» аялдамасына «Бунёдкор», «Фуркат», «Себзор», «Ахмад Дониш» көшелері арқылы Ташкент айналма жолының бойындағы «Уч-Кахрамон» базарының жанын бұрылып, Юнусабад ауданының 12- соңғы аялдамасына дейін үлкен аралық бекеттерде тоқтап қозғалады.

Хабарда айтылуынша, экспресс бағытта жол ақысы 3000 сум болып белгіленеді.