Ташкентте екпе алмаған қызметкерлерді анықтау мақсатында тексеріс жүріп жатыр
Соңғы уақытта республикада коронавирустық жағдайдың нашарлауы байқалады. Әсіресе Ташкент қаласында ахуал күрделі түс алуда. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында Ташкент қаласында екпе алмаған қызметкерлерді анықтау жайлы тексеріс жүріп жатыр.
Ташкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық штаб қызметі қайта басталып, үйде емделіп, карантинге жатқызылған науқастарға медициналық кеңес пен ақпарат беретін онлайн-дәрігерлік амбулатория құрылды және аудандарда 157 мобильді топтың қызметі қайта жанданды.
13 қаңтардан бастап аудандарда тәулік бойы жұмыс істейтін 12 мамандандырылған емхана жұмысын бастады.
17 қаңтарда жұмыс топтары 305 кәсіпкерлік субъектісі мен 203 бюджеттік ұйымды тексерді. Соның нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің 359 қызметкері, бюджеттік ұйымдардың 885 қызметкері екпе алмағаны белгілі болды.
Екпе алмаған 1044 қызметкер жұмысынан шеттетіліп, 200 қызметкерге айыппұл салынып, 1 нысанның қызметі тоқтатылды.