Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ІІ-Экономикалық форум өтеді
21:28 / 2022-08-10

2022 жылдың 16-17 тамыз күндері Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында ІІ-Экономикалық форум өтеді.

2021 жылдың маусым айында Тәжікстанның Душанбе қаласында алғаш рет өткен форум ШЫҰ аясындағы қарым-қатынастарды дамыту және одан әрі нығайту үшін тиімді коммуникациялық алаңға айналды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тараптардың назарын өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың проблемалары мен перспективаларына аудару, ШЫҰ кеңістігіндегі қарым-қатынастарды кеңейту бойынша тиімді шараларды әзірлеу.

Пленарлық отырыстардан, панельдік пікірталастар, екіжақты кездесулер, B2B келіссөздерден тұратын Форумның күн тәртібі цифрлық экономиканың әлеуетін, «жасыл» технологияларды, өңіраралық ынтымақтастықты, инвестициялық, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту және басқа да басым бағыттарды ашуға арналған.

ШЫҰ Экономикалық форумы үкіметаралық диалогты орнатудың ғана емес, сонымен қатар іскер топтар мен кәсіпорындар өкілдерінің өзара ынтымақтастығын орнатудың, сондай-ақ ШЫҰ кеңістігінің аймақтарына инвесторларды тартудың тиімді алаңына айналады деп күтілуде.