Ташкентте экологиялық рейд басталды
Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитетінің бастамасымен Ташкент қаласында экологиялық рейд басталды.
Комитеттің хабарлауынша, 28 қаңтардан баталған экологиялық рейдтер барысында «Табиғатты қорғау туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша қажетті жұмыстар жүрізіледі.
Мемлекеттік табиғатты қорғау комитеті барлық БАҚ өкілдерін, журналистер, блогерлер, влоггерлер, эко-белсенділер және жалпы қоғам өкілдерін экологиялық рейд кезінде бірлесіп әрекет етуге шақырады.
Экологиялық рейд жұмыстары 28-30 қаңтарға, яғни 3 күнге жоспарланған.